"Жұмыс істе". Қырғызстанда бір облыстың өкілетті өкілін отсавкаға жібермеді

/image/2020/10/11/crop-0_26_594x1056_balbak.jpg

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров Ыстықкөл облысының өкілетті өкілі Балбак Тулобаевтың отставкаға кету туралы арызын қабылдамады. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады. 

Оқиға туралы Балбак Тулобаев facebook парақшасында жазған. Ол үкімет басшысына жұмыстан кету туралы арыз тапсырған. Алайда Садыр Жапаров арызды қанағаттандырмаған.

– Садыр Нурғожаұлы былай жауап берді: Қазіргі қиын кезде жұмыс істе. Халқыңа көмектес, уақыты келгенде көреміз, – деп жазды ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар