Әміржан Қосанов: Маған қастандық жоспарланып жатқанын айтты

/image/2020/10/22/crop-85_60_523x929_hef8961-1024x683.jpg

Журналист, саясаткер, 2019 жылғы президент сайлауына қатысқан Әміржан Қосановтың holanews.kz сайтында көлемді сұхбаты жарияланды. Қосанов әңгіме барысында сайлауға дейінгі және кейінгі оқиғалар туралы айтып, президент Тоқаев жайлы ойларын ортаға салды.

Саясаткердің сөзінше, оған сайлау өтерден 10 күн бұрын күштік құрылымдарда жұмыс істеген, қазір зейнеттегі достары хабарласып, өзіне қарсы әзірленіп жатқан үш нәрсе туралы айтқан.

 

– Бірінші айтқандары, Әблязов митинг өткізіп, өз мақсаты үшін мені қолданғысы келетіні туралы болды. Ол Алматы мен Астанада және бірнеше ірі қалада үлкен митингтер өткізуді жоспарлаған.

Екіншісі, қордаланған проблемасы бар шағын қалаларда көпбалалы аналар мен жұмыссыздардың бас көтеруі әзірленіп жатқаны туралы еді. Ондай қалалардың қатарында Семей мен Жаңатастың аты аталды. Дәл осы қалаларда наразылық шерулерін ұйымдастыру жоспарланған.

Үшіншісі, маған қастандық жасалуы мүмкін екені жайлы. Мені құрбан етіп көрсету арқылы өздерінің мақсаттарын іске асыруға тырысуы ықтимал екені хабарланды.

Осыларды жеткізіп, райымнан қайтуға шақырды. Мен қайтпайтынымды айттым. Мені күзетіп жүру үшін екі адамды қосып қойды, – деді ол өзіне осы ақпараттарды айтты делінген адамдардың аты-жөнін атаудан бас тартып.

 

Қосанов exit poll нәтижесі бойынша жеңілісін мойындауының себебін "халықты қантөгіске ұрындырғым келмеді" деп түсіндірді.

– Әлбетте, нәтиженің шыққаннын күте тұруға болушы еді. Бірақ Әблязов адамдарды сағат 12-ге көшеге шығуға шықырып қойды. Жағдай ушығып бара жатты. Бұзақылықтар, заң бұзушылықтар туралы хабар түсе бастады. Егер адамдар кандидаты сайлау нәтижесін мойындамағанын біліп көшеге шығар болса, оның арты неге әкеп соғары белгісіз еді. Ол жерде қандай арандатудың боларын айту қиын. Иә, мен көп адамдардың көңілін қалдырдым. Бірақ мен Жаңаөзен оқиғасының қайталануына жол бермедім. Менсіз алаңға 5 мың адам шықса, менімен 50 мың адам шығар ма еді. Ол жерде оқ атылуы мүмкін еді. Мен халқым үшін қорықтым, – деген саясаткер сайлау нәтижесін мойындауын "сатқындық" деп есептемейтінін жеткізді.

Артынша, Қосанов бұрынғы мемлекет қайраткерлерінің бірі өзіне "сен елді 10 жылға құлдыратып жіберетін жағдайдан құтқарып қалдың" дегенін айтты.

Қосанов сұхбат барысында Тоқаевты сыртқы істер министрі болып тұрған кезден бері білетінін, жақсы араласқанын, сөз жүзінде айтылған дұрыс дүниелерінің орындалуы кемшіл түсіп жатқанын айтты.

Экс-кандидат биліктен тікелей де жамана түрде де миллиондап ақша алмағанын атап өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар