Бүгін сағат 11.00-де Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс президенттің баспасөз қызметінің фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі.
Пікір қалдыру