Билік басындағы бірқатар лауазымды тұлғаның өкілеттіктері тоқтатылды

/uploads/thumbnail/20170708193124829_small.jpeg

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рашид Түсіпбековті Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындады. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы tengrinews.kz- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің және Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттіктері тоқтатылды. Жарлықтардың мәтінін "Ақорда" сайты сәрсенбі күні жариялайды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің және Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттіктері тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Рашид Түсіпбеков

 

Серік Нөгербеков

 

 Ерлан Нығматулин

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар