Алматы қаласы әкімдігінде Қалалық ардагерлер кеңесінің активімен кездесу өтті

/image/2020/10/28/crop-45_7_516x688_f37f451e-e1d0-44b2-9b79-dffc81f974c5.jpg


2020 жылдың 1 қазанында Алматы қаласы әкімдігінде қала басшысы мен аудан басшыларының қатысуымен Қалалық ардагерлер кеңесінің активімен кездесу өтті.

Кездесу барысында ардагерлер кеңесінің қызметі талқыланып, өзекті мәселелер тыңдалды. Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов өз сөзінде карантин шараларына қарамастан ардагерлер кеңесі белсенді жұмысын жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің ардагерлер жастармен үнемі кездесіп отырды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Абайдың 175 жылдығына арналған Наурызбай ауданының барлық мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті. Жетісу ауданында ардагерлердің белсенді қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған оқушылармен кездесу өтіп, оқушыларды Жас панфиловшылар қатарына қабылдады», — деді А. Бижанов.

А.Бижановтың айтуынша, Алматы қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері әлеуметтік мәселелер бойынша қарт адамдарды спорттық-сауықтыру және бос уақыт іс-шараларына тарту жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, ардагерлер өздерін толғандыратын мәселелермен бөлісті. Сонымен Алматы қаласы Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев Кеңес құрамында 8 қалалық қоғамдық комиссия жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл орталықтарда егде жастағы адамдар жұмыс істейді және бүгінгі күні материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр.

Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Қаркенов ауданда әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар екенін атап өтті.

«4 жыл ішінде ауданда көптеген жұмыстар атқарылды, дегенмен проблемалар әлі де бар. Наурызбай ауданы жас аудан, стадионы жоқ, жастар мен қарттардың бос уақытын өткізуге, қала тұрғындарының демалуына арналған демалыс орындары жеткіліксіз», — деді М. Қаркенов.

Қорытындылай келе, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов ардагерлердің барлық көтерген мәселелері мен тілектері өз шешімін табатынын айтты. Ол сондай-ақ ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, оларға денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар