Қытайдағы наразылық: Этникалық моңғолдар бас көтерді

/image/2020/11/02/crop-197_55_440x587_080247353800.jpg

Қытай жақында елдегі моңғол класстарын қытай тіліне көшіру туралы шешім қабылдады. Қытайдағы этникалық моңғолдар балаларын мектепке жібермей, наразылық акциясына шықты. Олардың басты мақсаты – ана тілі мен мәдениетін сақтау.

Белсенділер "Қытай билігі моңғол тілін жойып, халқын қытайландыруды көздейді" дейді. Қытай моңғолардың бұл айыптауларын мойындамай отыр. Шеруге шыққандар "Өз ұлттық құндылығымызды сақтауға рұқсат етіңдер" деп әндетті.

Қытайда этникалық моңғолдар халықтың бестен бір бөлігін құрайды. Оның жартысы ғана моңғол тілінде сөйлей алады. Моңғолдардың көбі Қытайда мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып өмір сүрген. Алайда мемлекеттік бағдарламалар ата-баба шаруашылығын жалғастыруға кедергі келтіріп отыр.

Нью-Йорктегі белсенді Енгхебату Тогочогтың (Enghebatu Togochog) ойынша, Қытай билігінің этникалық моңғолдарға жасап отырған саясаты – ұлттық геноцид.

Қытай мектептерінде аттап бассаң, қытай тілінде сөйлеуге шақыратын қанатты сөздер жазылған. "Қытай тілінде сөйлейік. Дамуға қадамды бірге жасайық" деген сарындағы плакаттар ілінген. Моңғолдар оны пропаганда деп атады.

Қытайдағы моңғолдардың жағдайымен жақынырақ танысу үшін келген BBC журналисі Қытай мектептерінің біріне кіріп, мектеп әкімшілігін сөзге тартты.

Мектеп директоры Хао Си (Hao Si) мәдениет – тарихи құндылық және оны сақтау басты міндет екенін айтады. Оның ойынша, ұлттық мәдениет өте маңызды, бірақ қытай тілі – дамудың негізгі кілті.

– Наразылық білдірушілер барлық класста сабақ қытай тілінде жүргізілетінін айтып отыр. Бірақ үш класс қана сабақты қытай тілінде өтеді, – дейді мектеп директоры.

Енгхебату Тогочог (Enghebatu Togochog) "Қытай билігі моңғол тілін білім саласы арқылы толық жоюды көздеп отыр" деген ойда.

Қазір наразылық білдірушілер бәсеңдеді. Жаза тағайындау салдарынан оқушылар мектепке қайтарылды.

Қытай бұған дейін де этникалық қазақ пен ұйғырларға қысым көрсетіп жатқаны туралы ақпарат тарап, әлем елдері тарапынан қатаң сынға ұшыраған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар