"Alma City" кешенінен жастарға арналған пәтерлерге өтініш қабылдау басталды

    Қамшыгер
    "Alma City" кешенінен жастарға арналған пәтерлерге өтініш қабылдау басталды Фото: qazaqstroy.kz

    Алматы қаласында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерге өтініш қабылдау басталды. Құжаттар бүгіннен бастап 9 қарашаға дейін қабылданады.

    Өтініштер www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан алуға болады.

     

    Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер 5 жыл мерзімге беріледі. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының "Alma City-5" шағын ауданынан 350 бір бөлмелі пәтерлер үлестірілмек.

     

    Бағдарламаға талаптары:

    – 29 жасқа толмаған, мектеп, техникалық және орта білімі бар немесе жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс істеп жүруге тиіс;

    – Соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде тұруы керек;

    – Жеке басында үйі жоқ болуы міндетті;

    – Соңғы алты ай ішінде кемінде 101 мың теңге ай сайынғы табыс болуы керек;

    – Банкте жинақ шоттың болуы міндетті.

    Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесі бойынша жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

    Қатысты Мақалалар