Қазақстанда репатрианттардың (қандас) жеке мүлкіне қатысты міндетті төлемдер мен алымдарды төлеуден босатуды қарастыратын нормативтік-құқықтық актілер бекітіліп, жекелеген түзетулер қабылданған. Сонымен, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы 23-бабының 4-1 тармағына сәйкес этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері (қандас) Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі .
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VI Кодексінің 354-бабының 2-тармағына сәйкес егер Қазақстанға тұрғылықты тұруға, қоныс аударуға ниеті бар репатрианттар (қандас) немесе жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелетін болса жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбейді.
Бұдан басқа, осы құжатта 351-баптың 17-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аударуға, босқын, репатриант (қандас) мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты уақытша сақтауға орналастырылатын тауарларға төлем қарастырылмаған.
Аталған заңдардың халықаралық шарттарға сәйкестігіне қатысты айтар болсақ, көрсетілген тармақтар Еуразиялық экономикалық одақ ісінің қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» (3-қосымша) 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен бекітілген, оларға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ еліне тұрғылықты тұруға қоныс аударған болып танылған шетелдік жеке тұлға кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып кез келген әдіспен көлік құралын әкеле алады. Негізгі талаптар мынаған келіп саяды.
Кедендік және салықтық жеңілдіктерді беру шарттары:
– көлік құралы жеке пайдалану үшін қолданылуы тиіс;
– жеңілдіктер көліктің әрбір түрінің 1 бірлігіне беріледі (жеңіл автокөлік, мотокөлік, тіркеме);
– Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына алдыңғы тұрған елден әкелу қоныс аударушының құжаты берілген күннен бастап 18 айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады;
– жеке пайдалануға арналған көлік құралдары 6 айдан кем емес мерзімде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте бекітілген өзге де аса қатаң мерзім ішінде жеке меншікте болатын (мысалы, Ресейде мерзім 12 айдан кем емес);
– бұрын мұндай жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асырмаған.
Отандастарды әкелетін көлік құралдарына кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату бойынша Ресей практикасы:
Ресей Федерациясына тұрғылықты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар Шетелде тұратын отандастардың Ресей Федерациясына өз еркімен қоныс аударуына жәрдем ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қатысушысының куәлігіне ие болса кедендік төлемдер мен салықтарды төлеместен бір көлік құралын әкелуге құқығы бар.
Бұл ретте техникалық регламент (Еуро 4-тен төмен емес экономикалық классқа сәйкестігі) аталған бағдарлама бойынша Ресейге әкелінетін автомобиль техникасына әрекет етпейді. Бұған қоса, кәдеге жарату алымы да бағдарлама қатысушылары әкелетін көлік құралдарына қатысты төленбейді.
Мысал. Ресейде көлік құралын тіркеу және есепке қою үшін қоныстандырудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша ең алдымен келгендігі туралы федералдық көші-қон қызметін хабарландыруы қажет (шетел азаматтары үшін Ресейде уақытша тұруға рұқсат алу – УТР 3 жылға беріледі). Бұдан әрі кедендік қызметке УТР, төлқұжат, бағдарлама қатысушысының куәлігін, көліктің техникалық төлқұжатын көрсету қажет. Осыдан кейін қатысушы КҚТ (көлік құралының төлқұжаты) алады. Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігінің инспекциясына көлік құралын тіркеу (мемлекеттік нөмір алу) үшін КҚТ, төлқұжат, УТР, бағдарлама қатысушысының куәлігі, көлік құралына арналған сақтандыру полисі, мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек қажет. Нәтижесінде көлік құралын УТР сияқты 3 жыл мерзімге тіркейді.
Қазақстан мен Ресейде репатрианттардың көлік құралдарын рәсімдеуі кезінде жеңілдіктер беру мәселесін зерделеу барысында екі мемлекетте де репатрианттарды қолдау қарастырылғандығы анықталды, дегенмен екі елде қабылданған тетіктердің айырмашылықтары бар. Ресейде нормативтік-құқықтық актілер қарапайым әрі нақты түсіндірілген (ресей заңнамасында жеңілдіктерді алу процедурасы анық және түсінікті, ал қазақстандық нормативтік-құқықтық актілерде кедендік төлемдер мен салықтардан босату тетіктері күрделі әрі жүйесіз түсіндірілген. Сонымен, Қазақстанда қабылданған заңдар мен кодекстер көлік құралын тіркеу кезінде кәдеге жарату алымын төлемеуге түсініксіз жағдайда мүмкіндік бере ме және олардың автокөліктерінің экологиялық классы Еуро 4 талаптарына сәйкес келмесе не істеу керек?
Нәтижесінде, репатрианттарға Қазақстанға көлік құралдарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатуға бас тартқанда, олар автокөлікті бастапқы тіркеуден өтуге және оны есепке қоюға міндетті (төмендегі ақпаратты қарау).
Пікір қалдыру