13 қарашада Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:
- Жылдың үздік фотосуреті:
Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы
- Жылдың үздік репортажы:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы
- Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Михаил Козачков, «Время» газеті
- Жылдың үздік сұхбаты:
Гульбаршын Сабаева, «Egemen Qazaqstan» газеті
- Жылдың үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі
- Радиостанциядағы үздік жоба:
«Atyray» радиостанциясындағы «Эфирде 102 FM» бағдарламасы
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
TengriNews порталы
- Жылдың үздік газеті:
«AQ JOL» газеті
- Жылдың үздік журналы:
«Жұлдыз» журналы
- Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:
Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист
Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.
Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.
«Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.
Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға «Қазақстан» РТРК мен «Хабар» Агенттігі» АҚ демеушілік жасады.
Пікір қалдыру