Жұлдыздар мен табысты кәсіпкерлерге айналған Масктың отбасы

/image/2020/12/21/crop-22_23_858x689_2020-12-21-21.04.06.jpg

Илон Маск өз отбасындағы бизнесте табысқа жеткен, миллиондаған ақша тапқан немесе танымалдылыққа қол жеткізген жалғыз адам емес.

Масктың отбасы генийлер, кәсіпкер мултимиллионерлер мен жұлдыздарға толы. Әкесі – интеллетуалдық деңгейі (IQ) гений деңгейіндегі инженер, шешесі – суреті әлемдік ең ірі басылымдардың мұқабасында жарық көрген әйгілі модель, інісі – мультимиллионер, қарындасы – фильм продюссері, бөлелері де табысты технологиялық миллионерлер. 

Илон Масктың әкесі – Эррол Маск

Илонның айтуынша, әкесінің IQ деңгейі гений деңгейінде. 2017 жылы Роллинг Стоун профиліне сәйкес ол Оңтүстік Африкада кәсіби инженерлер біліктілігін алған ең жас адам болған.

Илон кішкентай кезінде әке-шешесі ажырасқаннан кейін әкесімен тұрды. Ол кезде Эррол Маск құрылыс және изумрудты тау-кен жұмыстарымен айналысқан.

Шешесі Мэй Маск

Мэй Маск 15 жасынан бастап елу жыл модель болды, ол "Special K" жармасы қораптарында және Time журналының мұқабасына шыққан және Нью-Йорк сән апталығында шоуларда өнер көрсеткен.

2017 жылы Мэй 69 жасында CoverGirl өкілі болды.

Інісі Кимбал Маск

Ол мультимиллионер, ресторатор және меценат.

Қазіргі уақытта Кимбал Маск Kitchen Restaurant Group, Big Green деп аталатын коммерциялық емес ұйым және Square Roots қалалық фермерлік компаниясы секілді үш тамақ компаниясының негізін қалаушы.

Ол ағасы Илон Маскпен бірге жасөспірім кезінде Оңтүстік Африка Республикасынан Канадаға қоныс аударды. Кимбал Zip2 компаниясын Илонмен бірге құрды және оны 1999 жылы 307 миллион долларға сатты. Ол PayPal-дың инвесторы болды және қазіргі уақытта Tesla мен SpaceX компаниясы кеңесінің мүшесі.

Кимбал Маск Нью-Йорктегі француз аспаздық институтына оқуға түсіп, 2010 жылы құбырдағы апатта мойнын сындырып алған соң мансабын тамаққа арнауға бел буған.

Кимбал екі рет үйленді.тАлдымен Джен Левинмен отбасын құрды. Онымен бірге The Kitchen Restaurant Group және Big Green-ды құрды. Олардың үш баласы бар. Лука және Август есімді екі ұлы және есімі белгісіз үшінші баласы бар.

Илонның інісі экс-миллиардер Сэм Уайлидің қызы Кристиана Уайлиге 2018 жылы Далласта өткен "интимдік" үйлену тойында үйленді.

Илон Масктың қарындасы Тоска Маск Passionflix деп аталатын кино компаниясының иесі

Тоска Маск 2001 жылдан бастап фильмдер шығарумен айналысады және IMDb парақшасында осы уақытқа дейін 30-дан астам фильм түсірген.

Қазіргі уақытта ол Passionflix-тің негізін қалаушысы және бас атқарушы директор. Романтикалық романдарға бейімделген фильмдер түсіреді. Тоска компанияны 2016 жылы құрды және инвесторлардан 4 миллионнан астам доллар жинады.

Линдон Рив – SolarCity компаниясының негізін қалаушы және Илон Масктың бөлесі (шешелері егіз) 

Линдон Рив өзінің ағасы Питермен бірге SolarCity-ді 2006 жылы құрды. Ол 2016 жылы компанияны Тесла 2,6 миллиард долларға сатып алғанға дейін компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.

SolarCity-ді бастамас бұрын, 1999 жылы Рив өзінің ағалары Расс пен Питермен бірге Everdream атты бағдарламалық жасақтама компаниясын құрды. Олар сегіз жылдан кейін оны 120 миллион долларға Dell-ге сатты.

Питер Рив SolarCity негізін қалаушы және Масктың бөлесі

Питер Рив SolarCity негізін қалады және оның бас технологиялық қызметкері болды. 2019 жылдың ақпанында Линдон да, Питер Рив те Африкаға таза, қол жетімді энергия әкелуге бағытталған Zola Electric стартапына қосылды.

Расс Рив - SuperUber деп аталатын көркемдік-техникалық өндіріс компаниясының негізін қалаушы. Ол да Масктың туған бөлесі

Расс Рив өзінің бауырлары Линдон және Питермен бірге Everdream деп аталатын бағдарламалық жасақтама құрды. Ол содан бері Tesla мен SpaceX-ті өз клиенттерінің қатарына қосатын SuperUber өндірістік компаниясын құрды.

Альмеда Рив - Расс, Питер және Линдонның қарындасы

Vanity Fair ақпараты бойынша, Альмеда Рив бәсекеге қабілетті байкер, сонымен қатар LinkedIn-ге сәйкес SolarCity-де сатылымдарда жұмыс істеді.

Джастин Маск - жазушы және Илон Масктың бірінші әйелі

Джастин Уилсон Илон Маскпен Онтарио штатындағы Кингстондағы Queen's University-де оқып жүргенде кездесті. Маск Пенсильвания университетінің Вартон мектебіне ауысқан кезде, олар қайтадан қосылды. Ол кезде Маск алғашқы стартапта жұмыс істеген, ал Джастин мектеп бітіргеннен кейін алғашқы романын жаза бастады.

Джастиннің Мари Клердегі очеркі бойынша олар 2000 жылы үйленді.

Ерлі-зайыптылар Лос-Анджелеске көшіп, Невада есімді ұл туды, бірақ нәресте 10 апталығында қайтыс болды. Олардың егіздері мен үшемдері болды. Олар Гриффин, Ксавье, Дамиан, Саксон және Кай.

Джастин Мари Клерде Маскпен қарым-қатынасын дұрыс болмағанын жазды. Ерлі-зайыптылар 2008 жылы ажырасқан.

Талула Райли – англиялық актриса. Маск екеуі екі рет үйленген

Маск Джастиннен ажырасқаннан кейін, актриса Талула Райлимен кездесе бастады.

Райли мен Маск 2010 жылы үйленді. Екі жылдан кейін олардың ажырасқаны мәлім болды. Маск өзінің Twitter парақшасында "Бұл таңғажайып төрт жыл болды. Мен сені мәңгілікке сүйемін. Сен бір күні біреуді өте бақытты етесің" деп жазды.

Ерлі-зайыптылар 2013 жылы қайта үйленді. Бірақ Маск келесі жылы екінші ажырасу туралы арыз жазды, кейін арызын қайтарып алды. 2016 жылы Райли Маскпен ажырасу туралы арыз берді және олардың некесі сол жылы заңды түрде аяқталды.

Алайда кейін екеуі жақсы қарым-қатынаста болды. "Біз әлі күнге дейін бір-бірімізді үнемі көріп, қамқорлық жасаймыз" деді Райли.

Маск 2018 жылы канадалық әнші Гримеспен кездесе бастады

Гриместің шын аты Клэр Баучер. 2018 жылдың мамырында Маск канадалық әнші және продюсер Гримеспен бірге Метрополитен өнер музейіндегі жыл сайынғы костюмдер институтына арналған Гала фестиваліне келді. Сол кезде, Page Six бұл жұп бірнеше апта бойы "ың-жыңсыз кездесіп жүрген" деп хабарлады.

2020 жылы 4 мамырда Гримес дүниеге сәбиі келгенін растады. Жұп ұлдарына X Æ A-Xii деп ат қойғанын жариялады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар