Каратэден Қазақстан құрамасының бас бапкері қайтыс болды

/image/2021/01/01/crop-69_0_631x842_526b9e89-3500-4235-8830-bfb3edf696d7.jpeg

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды. Бұл туралы президент кеңесшісі Ерлан Қарин facebook парақшасында хабарлады.

– Жасталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол көп жылдар бойы Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды. Әлемге әйгілі "Jk Fan" каратэ журналының қазақстандық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өткізілді. Ол халықаралық каратэ қауымдастығында құрметке ие болды. Ол Дүниежүзілік каратэ-до федерациясы Атқару комитетінің құрамына сайланған ТМД елдерінің бірінші және жалғыз өкілі болды, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, марқұм Санауов Токиодағы олимпиада ойындарында қазақстандық каратэші олимпиада алтынын жеңіп алуды армандаған.

Жасталап Санауов 1966 жылы 26 мамырда Алматыда дүниеге келген. Халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1986 жылы жаттықтырушылықпен айналысты, көптеген халықаралық спорт шеберлерін және әлем чемпиондарын дайындады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар