Тез қымбаттаған Тесла акциялары миллионерлер армиясын қалыптастырды

/image/2021/01/02/crop-12_6_530x954__116288253_teslalogo.jpg

Тесланың зымыран жылдамдығындай қымбаттаған акцияларының бағасы 2020 жылы "Teslanaires" деп аталатын миллионерлер армиясын қалыптастырды.

Илон Масктың электромобильдер шығаратын фирмасының акциялары 2020 жылы 700%-ға өсті және әлемдегі ең қымбат автомобиль компаниясына айналды.

2020 жыл АҚШ S&P 500 құрамына кірген автомобиль компаниясы үшін маңызды кезең болды. S&P 500 – Құрама Штаттардағы ең ірі акциялар индексі. Оған Apple, Microsoft және Facebook сияқты компаниялар кіреді. Тесла акциялары жоғары жылдамдықпен өсіп, индекс бойынша ең құнды 10 компанияның қатарына енді.

Тесла акциясы қазіргі уақытта General Motors, Ford, Fiat Chrysler Automobiles және Toyota компанияларының жалпы құнынан да жоғары. 

2010 жылдың маусымында Тесланың  әр акциясы 17 доллар бағамен биржаға шыққан. Осы аптада баға 650 доллардан асып түсті.

Қазіргі кезде Теслаға қатты сенетін және Илон Маск автомобиль фирмасының жарқын болашағына негізделген акциялар бағасының өсуін болжайтын жанкүйерлер армиясы бар.

Лос-Анджелестегі инженер Джейсон ДеБолттың Теслаға салған алғашқы инвестициясы 2500 акция, ал, оның құны 19000 доллар болған.

"Мен алғаш рет Теслаға инвестиция салуды 2013 жылы Model S көлігін сатып алғаннан кейін бастадым" деді ол. Содан бері ол көбірек акциялар сатып алған, ал қазір оның иелігінде тұрған акциялардың құны шамамен 10 млн доллар.

Нью-Йорктегі Скотт Тисдейл 2013 жылы Model S-ге алғаш көзі түскенде Теслаға инвестиция сала бастады және шамамен 4000 акцияны иемденіп үлгерді, ал, олардың құны қазіргі уақытта шамамен 2.8 млн доллар.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар