Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің жаңа тизері жарияланды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды.
– 8 қаңтарда сағат 21:45-те "Хабар" телеарнасында "Штрихи к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады. Фильмнің үшінші сериясында саясат туралы сұрақтар аз болады. Жеке басына және бұрын белгісіз болған тақырыптарға қатысты сұрақтар қойылады, – деп жазды ол.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы, оның көпшілік біле бермейтін қырын ашып көрсететін "Штрихи к портрету" деректі фильмі 1 желтоқсаннан бастап көрсетілді.
– Кешіру керек. Мейірімді болу керек. Адамдарға көмектесу керек... Бұл немереме қатысты үлкен өкінішім бар, – дейді Назарбаев фильм үзінділерінде.
8 января в 21:45 в эфире телеканала «Хабар» выйдет продолжение документального проекта «Штрихи к портрету». В третьей серии фильма будет меньше вопросов о политике, больше о личном и ранее неизвестном pic.twitter.com/zlVMN9rGCm
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) January 7, 2021
Пікір қалдыру