АҚШ президенті Дональд Трамп жақтастары Конгресске шабуыл жасау оқиғасынан бір күн өткеннен кейін биліктің "тәртіппен" ауысатынын айтып, наразылық тудырды.
Трамптың Twitter-де мәлімдеген бұл сөздері оның сайлауда жеңіліске ұшырағанын алғаш рет көпшілік алдында мойындауы ретінде қарастырылды.
Бұған дейін ықпалды демократтар Трамты қызметінен кетіруге шақырған.
Бірнеше сағаттан кейін Капитолий полициясы тәртіпсіздік кезінде алған жарақаттан бір офицер қайтыс болды деп мәлімдеді.
Толқулар кезінде тағы төрт адам қайтыс болды. Ресми өкілдердің айтуынша, Трамп жақтаушыларының біріне полиция оқ атқан, ал үшеуі "медициналық төтенше жағдайлар" салдарынан қайтыс болған.
Пікір қалдыру