Медициналық құрылғыларға деген сұраныс фармацевтикалық өсімге ықпалын тигізген

/image/2021/01/08/crop-29_97_525x933_1594210016_news_b.jpeg

Қазақстанда 2020 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 39,5 пайызға өсті. Осы көрсеткіш арқылы «Химфарм» АҚ-ның өндірісі 2 есе, «Дольче» ЖШС өндірісі 18 пайызға және «Абди Ибрагим глобал фарм» компаниясының өндірісі 62 пайызға өскенін аңғаруға болады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» компаниясының көмегімен кепілдендірілген тегін медициналық дәрі-дәрмекті жеткізу мен медициналық құрылғыларға деген сұраныс фармацевтикалық өсімге ықпалын тигізді. Ауруханаларда аса қажетті дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жинақталды. Азаматтарға КВИ бойынша ПТР тестіден өту мүмкіндігі берілді, ал бұл қызметтің бағасы екі есе арзандады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын ойлап тапты. Осы вакцинаның алғашқы екі сынағы сәтті өтті. 2020 жылғы 19 желтоқсанда вакцина сынағының үшінші кезеңі басталды.

Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағында коронавирусқа қарсы вакцина зауыты салынып жатыр. 2021 жылғы наурыз айында алғашқы вакциналар дайын болады. Зауыт 30 миллионнан 60 миллионға дейін вакцина әзірлеуге қауқарлы.

Сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Көкшетау мен басқа да қалаларда 70-ке жуық тігін кәсіпорны маска тігіп жатыр. Бұл кәсіпорындар күніне 700 мыңдай маска тігеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар