Газдың жарылуы себебінен болған апатта өлім аузынан аман қалған адам "кеңістіктен өз денесін көргенін" айтты. Бұл туралы Лондонда шығатын Daily Express басылымы "бұл өлімнен кейінгі өмір ме?" деп, зерттеушліредің пікірін жазды.
Зерттеушілер "мен денемнен уақытша шығып кеттім" деген адамның мәліметтерін жариялады. Өзін тек Дэйв деп таныстырған адам өзінің бастан кешкен оқиғасын "Өлімнің тәжірибесін зерттеу қорымен" (NDERF) бөлісті. Дэйв 1976 жылы өзінің ас үйінде газдың қашуынан байқаусызда уланып қалған кезде "денеден тыс тәжірибе" болғанын айтты.
"Менің есімде, сол кезде ең қорқынышты оқиғаны бастан өткердім. Мен жағдайды басқара алмайтынымды және өлетінімді білетін қорқыныш болды" деген ол есінде қалған келесі іс өз денесіне бес фут жоғарыдан қарап тұрғанын айтты.
Дэйвтің айтуынша, оған уақыт баяулап немесе мағынасын жоғалтқандай болған.
Ол "наносекунд ішінде немесе одан да көп уақыт ішінде" болғанын ажырата алмады.
Дэйв сүйіспеншілік немесе көтеріңкі көңіл-күй сияқты көтерілген эмоцияларды сезбеген, керісінше оның есінде "біржола" қалғаны белгісіз жарылыс.
Соңында, Дэйв өзінің денесіне оралғанын есіне алды және қорқыныш сезімі мүлдем жоғалып кеткенін айтты.
Дэйв адамдардың денеден тыс жерде өмір сүре алатынына сенетінін жеткізді.
"Дегенмен Дэйвтің тәжірибесі ерекше емес. Өлім аузында болған көптеген адамдар ұқсас құбылыстарды сипаттайды" деп жазды басылым.
Бұл өлімге жақын тәжірибе ретінде белгілі және көбінесе жүрек тоқтауы немесе клиникалық өліммен байланысты.
Кейбір адамдар көбінесе қараңғы туннель арқылы жарыққа қарай ұшқанын немесе қайтыс болған жақындарын көргенін айтады.
Тағы бір жиі есте қалатыны- тірі қалғандарының өз денелерінің жоғары жағында қалқып жүруі және айналасындағылардан гипер хабардар болуы.
Медицина ғылымдары, дегенмен, не болып жатқанын табиғаттан тыс заңдылықпен түсіндірмейді.
Жаңа танымал теорияға сәйкес, бұлар қатты жарақат алған сәтте пайда болатын галлюцинациялар.
Галлюцинация миға оттегінің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін немесе ми жасушаларының құрғауының жанама әсері болуы мүмкін.
Тағы бір теорияға сәйкес, адамдар өлгенде ағзаның "N, N-Dimethyltryptamine" психоделиялық химикатын жасайтынын болжайды.
Ал, атақты астрофизик Карл Саганның пайымдауынша, ондай кездерде науқастар туннель арқылы өткенді еске түсіреді, ал, бұл "туу каналынан" өткен кездегі естеліктер болуы мүмкін.
Бұл теорияға сәйкес, сәбилер мұндай естеліктерді жекізе алмайды, себебі олар жеткілікті дамымаған. Дегенмен, бұл пікірмен басқа ғалымдар келіспейді.
Ал, Оңтүстік Иллинойс университетінің қызметкері Карл Б.Беккер жазған мақалада "Ғылыми тұрғыдан алғанда, сәбилер Саганның теориясының дұрыс екенін дәлелдей алмайды" деп жазылған.
Пікір қалдыру