Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қанша медицина қызметкерінің "Спутник V" вакцинасын салдырғанын мәлімдеді.
– Қазақстанда 13 301 медицина қызметкері "Спутник V" вакцинасын салдырды. Вакцинация барлық өңірде жүріп жатыр, бүгінде осы мақсатта 778 егу пункті ашылды, олардың 166-ы енді іске қосылды, түгел дерлік тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері осы салаға арнайы оқытылды, – деп айтты министр.
Алексей Цой маман ретінде вакцинацияның 400 жылдан астам уақыт бойы адамзатты шешек, оба сияқты соңы өлімге апарып соқтыратын қауіпті аурулардан қорғап келгенін тілге тиек етті.
– Соңғы 30 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылар саны 870 еседен көп төмендеген. Халық арасында "В" вирустық гепатитімен сырқаттанудың 150 есеге, көкжөтелмен сырқаттанудың 7,3 есеге төмендегені байқалды. Біртіндеп осы екпенің арқасыда полиомиелит, дифтерия, сіреспе, қызамық сияқты инфекциялар да ұмытылады, – деді Цой.
Пікір қалдыру