Цой өзінің неге вакцина салдырмайтынын айтты

/image/2021/02/10/crop-149_17_697x929_maxresdefault.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неліктен өзі әлі күнге "Спутник V" вакцинасын салдырмағанын түсіндірді.

– Қазақстанда егуге рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және олар қауіпсіз. Қазір ресейлік "Спутник V" вакцинасын министрліктегі, өңірлік денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестеріміз салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әлі әзірленіп жатыр. Оның технологиясы басқаша. Қазір клиникалық сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Мен денсаулық сақтау министрі ретінде отандық вакцинаны салдыруды жөн көрдім, – деді министр.

Сонымен қатар Алексей Цой халыққа жаппай екпе салдыру ғасырлар бойы адамзатты шешек, оба сияқты қырылып қалуға апаратын қорқынышты аурулардан қорғап келгенін айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар