Жамбыл облысынң әкімі Бердібек Сапарбаев 2015-2020 жылдар аралығында туған 5 баланың қазасына соқтырған Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
"Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты.
⠀
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды.
⠀
Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын" деді әкім facebook парақшасында.
Бүгін Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала қалып қойған. Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.
Пікір қалдыру