Адамзат тарихында Марсқа алғаш жіберілген тіпті, Марсқа алғаш қонған ғарыштық құрылғылар Байқоңырдан ұшқан.
Адамзаттың Марсқа қонуға арналған алғашқы ғарыш кемесі 1961 жылы 4 қарашада Байқоңырдан ұшырылған. Алайда, ол Жердің төменгі орбитасынан шыға алмай сәтсіздікке ұшыраған.
Қызыл ғаламшарға бағытталған ғарыш кемелері ең алғаш 1960 жылы 10 қазаннан бастап ұшырылған. Өкінішке қарай ол да жеңіліс тауып, сібірге құлаған. 1960 жылдан 1962 жылға дейін тек Кеңес одағы ғана Марсқа ғарыш кемесін жіберіп отырған. Өкінішке қарай бәрі сәтсіз болған.
Тек 1964 жылы АҚШ Қызыл ғаламшарға Mariner 3, Mariner 4 деген атпен екі ғарыш кемесін жібреген. Біреуі сәтсіз болса да, екіншісі сәтті болған. Бұл Марсқа табысты түрде жеткен алғашқы ғарыш аппараты болған. Ғарыштық құрылғы 1964 жылы 28 қарашада ұшырылып, 1965 жылы 15 шілдеде Қызыл ғаламшарға жеткен. Сол жылы Кеңес одағының Марсқа жіберген ғарыш кемесі тағы сәтсіз болған.
1969 жылы Кеңес одағы да, АҚШ та Марсқа жарыса миссия жіберген. Американың екі миссиясы сәтті болған. Кеңес одағының сол жылғы екі ұшырылымы сәтсіздікке ұшыраған. Дегенмен, бұл жолы Кеңес одағы ғарыш кемесін Қызыл ғаламшардың орбитасын айналатын етіп жіберуді мақсат еткен. NASA аппараттарын Марсты бағыттап жіберсе де, Қызыл ғаламшардың орбитасына кіруді көздемеген. Нәтижесінде Кеңес одағының миссиялары сәтсіздікке ұшыраған.
1971 жылы тағы да АҚШ пен Кеңес одағы ғарыштық бәсекеге түсіп, Марсқа орбиталық ғарыш кемелерін жіберген. Бұл жолы Кеңес одағы Қызыл ғаламшардың орбитасында айналатын, тіпті Марсқа қонатын және жүретін роверді жіберген. Ал, АҚШ тек орбиталық құрылғыны ғана ұшырған. Нәтижесінде, АҚШ екеу жіберіп, біреуі орбитаға кіре алмаған, біреуі ғана сәтті болған.
Ал, 1971 жылы 27 қарашада Кеңес одағының ғарыш кемесі Марс орбитасына сәтті кірген, тіпті қонған. Бірақ жеңіл қону прцессі сәтсіз болып, құлаған. Салдарынан Қызыл ғаламшарға қонған құрылғы да, жүретін ровер де байланыссыз қалған. Бірақ Марстың бетіне алғаш қонған құрылғы болып, тарихта қалды.
Оның соңынан іле-шала Кеңес одағының тағы бір кешенді миссиясы сәтті болды. Орбиталық ғарыштық аппарат, қону құрылғысы және роверден құралған миссия Қызыл ғаламшардың орбитасына сәтті кіріп, 1971 жылы 2 желтоқсанда жеңіл қонған. Дегенмен, 104 секундтан кейін байланыс үзілген.
1973 жылы Кеңес одағы Марсқа қонуға тағы да ғарыш кемесін жіберді. Бірақ Марс атмосферасында өртеніп кеткен. Сол жылы Кеңес одағы төрт миссия жіберген. Қызыл ғаламшарда өртеніп кеткен құрылғыдан басқа миссиялардың барлығы табысты болған.
1975 жылдан бастап Американың ғарыштық салада десі басым түсе бастағаны байқалады. Сол жылдан бастап, Америка ровер мен қонатын құрылғы жіберген және бәрі сәтті болған. Viking 1, Viking 2 деп аталатын екі миссиясы да табысты болған. 1976 жылы 20 шілдеде және 1976 жылдың қыркүйегінде екі құрылғы де сәтті қонып, табысты жұмыс істеген және фото жіберген. Біреуі 2245 күн (Марс күні), енді біреуі 1281 күн жұмыс істеген және 16 мың фото жібрген.
1988 жылы Кеңес одағы Қызыл ғаламшардың орбитасына және қонуға екі рет ғарыш кемесін жіберген, дегенмен бәрі сәтсіз болған. Тек бір орбиташысы сәтті болыпты.
1992 және 1996 жылдар тек АҚШ орбиталық ғарыш кемелерін жіберген. Олардың біреуі сәтті, біреуі сәтсіз болған.
1996 жылы Ресей Марс орбитасын және ғаламшарға қонуды мақсат етіп кешенді ғарыштық аппараттарды жіберген, бірақ төрт құрылғы де сәтсіздікке ұшыраған.
Сол жылы NASA дәл сондай кешенді миссия жіберген және табысты болған. Бұл жолы алғаш рет Марс бетіне жүретін ровер сәтті қонған. Ровер 1997 жылғы 4 шілдеде қонған және 84 күн жұмыс істеген. NASA Қызыл ғаламшарға қонған құрылғыныны "Pathfinder", ал, роверді "Sojourner" деп атаған.
1998 жылы Жапония Марс орбитасына ғарыш кемесін жіберді, алайда сәтсіз болды. Сол жылы АҚШ Қызыл ғаламшардың орбитасына миссия аттандырған және 1999 жылы кешенді құрылғыларды да жіберген. Өкінішке қарай, бәрі де сәтсіздікке ұшыраған.
Одан кейінгі жылдарда АҚШ-тың жемісті жұмыс істеуі жиілеген. 2003 жылы Ұлыбританя Марсқа қонуды мақсат етіп, ғарыш кемесін жіберген, дегенмен жеңіліс тапқан. Сол жылы АҚШ "Spirit" және "Opportunity" деген әйгілі екі роверін жіберіп, келесі жылы Марсқа сәтті қондырған. Құрылғының біреуі 2208 күн, біреуі 5351 күн жұмыс істеп, Қызыл ғаламшар туралы өте көп ақпараттар жіберді.
NASA 2007 жылы Марсқа тағы да бір табысты қонуды іске асырды. Дегенмен бұл жолы өздігінен жүретін роверсіз, "Phoenix" деп аталатын құрылғы Қызыл ғаламшарға сәтті қонды.
2011 жылы Қытай мен Ресей Марс орбитасына ғарыш кемелерін жіберді. Өкінішке қарай екеуі де сәтсіз болған. Сол жылы АҚШ Қызыл ғаламшарға "Curiosity" деп аталатын роверді ұшырды және ол келесі жылы сәтті қонды.
2018 жылы АҚШ "InSight" деп аталған қонатын роверді тағы жіберген және сәтті болды. 2016 жылы Еуроодақ Марсқа қонуға құрылғы жіберді, алайда, сәтсіз болды.
Ал, былтыр Қызыл ғаламшарға бірнеше мемлекет ғарыш кемелерін ұшырды. Бірақ Марсқа қонуды мақсат еткені тек Қытай мен АҚШ. АҚШ осы жолы ұшатын дрон қоса жіберді. Дорны бар ровер кеше түнде Қызыл ғаламшардың Джезеро кратеіне сәтті қонды. Ал, Қытай бұл жолы Марсқа кешенді құрылғы жіберді. Бейжің Қызыл ғаламшардың орбитасын да, қонуды да мақсат етті, оған қоса, шарлашуы роверді де аттандырды. Ақпаратқа сәйкес, Қытай мамырда немесе маусымда Қызыл ғаламшарға қонуды жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру