"Жедел тоқтауға мәжбүр болды". Петропавлда тепловоз бен көлік соқтығысты

/image/2021/03/26/crop-2_203_839x1119_045653057800.jpeg

Петропавлда теміржолда тепловоз бен көлік соқтығысты, деп хабарлады pkzsk.info сайты.

"Бензострой ауданында ВАЗ 2110 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі "ТОҚТА" белгісін елемей, №1216 тепловозымен соқтығысқан. Тепловоз жүргізушісі жедел тоқтауға мәжбүр болған" делінген қалалық полиция басқармасының хабарламада.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісін жедел жәрдем қызметкерлері Петропавл медициналық мекемесіне жеткізді. Алғашқы шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін медицина қызметкерлері ер адамды үйіне жіберді, – деді полиция қызметкерлері.

Сайт мәліметінше, сарапшылар Оңтүстік Орал темір жолына келтірілген материалдық шығынды анықтағаннан кейін жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар