Еңбек министрлігі 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алғанын мәлімдеді

/image/2021/03/29/crop-51_8_516x688_d1e4c82d122bf9fb9b274105386de943.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың қаңтар-ақпанында 649 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алғанын хабарлады.

"2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 128,8 мың отбасындағы 649 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді" делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1-6 жасқа дейінгі 154,3 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар