Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп күдікке ілінген 28 жастағы ер адам ауруханадан шығарылды.
Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті сот тергеу жұмысы аяқталғанша уақытша тергеу изоляорында болады. Оған 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айылу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін 19 жастағы бойжеткен Аяжан Еділованың аса қатыгездікпен өлтірілгені хабарланған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.
НеМолчиKZ қоғамдық қоры күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.
Пікір қалдыру