Ермахан Ибраимов AIBA басқарушы органына мүше атанды

/image/2021/03/29/crop-33_5_518x921_09dedb2c-d87c-4b4c-b745-4e0cb739f611.jpeg
Ермахан Ибраимов халықаралық бокс қауымдастығы чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты өзінің басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындаған. 

Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Нұртазин мен Ибраимов – 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін комиссияларда 6 қазақстандық жұмыс істеген. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссиялар таратылып, қазір жаңадан тағайындалып жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар