Коронавирус. 848 адамның жағдайы ауыр

/image/2021/04/12/crop-0_64_563x1000_158771700343mk9_1000x768.jpg

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде тағы 2290 адамнан коронавирус анықталып, 15 адам қайтыс болған. 37 адамнан пневмония табылған.

Індет жұқтыру деңгейі Алматы (610), Нұр-Сұлтан (398) қалалары, Алматы (283), Қарағанды (205), Батыс Қазақстан (118), Атырау (110), Ақмола (108), Ақтөбе (105) облыстарында жоғары.

Бүгінде 34 478 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 12 349 пациент стационарда, 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 569 адамның жағдайы ауыр, 170 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бүгінге дейін 338 582 адам коронавирус вакцинасын салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар