"Жедел шаралар қабылдасын". Мамин тапсырма берді

/image/2021/04/12/crop-64_4_583x777_32a69047ef6012353dd48a24f863303a_xl-1.jpg

Жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етіледі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында айтты.

– Пандемиямен байланысты жағдай күрделі екенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде 8 аймақ "қызыл аймаққа" енді. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі 41 пайызды, ал реанимациялық орындардың жүктелуі 27 пайызды құрап отыр. Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,15 пайыз. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханалардағы орындардың толық дайындығын қамтамасыз етуі қажет. Біздің міндетіміз – санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алатындардың санын арттыру, – деді Мамин.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма жүктеді.

– Бірінші, әкімдер эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдасын. Барлық емдеу мекемелері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толығымен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту қажет.

Екінші, вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді премьер-министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар