АҚШ үкіметі Ресейге қарсы кең ауқымды санкция салмақ. Бұл туралы BBC жазды.
Бұл қадам АҚШ-қа бағытталған ресейлік кибершабуыл әрекетіне, оның ішінде 2020 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына араласуға жауап ретінде қарастырылуда.
Бейсенбіден бастап күшіне енеді делінген санкциялар Ресейдің 30-дан астам субъектісіне бағытталған және АҚШ-тан кем дегенде 10 адамды шығаруды қамтиды.
Хабарламаға қарағанда, нысанаға алынғандардың қатарында дипломаттар болады.
Сондай-ақ "АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі маусым айынан бастап АҚШ-тың қаржы институттарына рубльдік облигацияларды сатып алуға тыйым салатын бұйрық шығарады деп күтілуде" деп хабарлады CBS News.
Бұл шаралар АҚШ-Ресей қарым-қатынасы шиеленіскен уақытта болып жатыр.
Пікір қалдыру