Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі 63 миллион теңге жымқырғаны анықталды. Бұл туралы облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев хабарлады.
Ақша жымқыруға қатысты алғашқы дау 2019 жылдың қаңтарында басталған. Мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері жаңа жыл қарсаңында жалақысыз қалған. Сол уақытта желіде мекеменің бас есепшісі директормен бірге 15 миллион теңгені жымқырғаны туралы видео тараған..
Мекеме қызметкерлері облыстық прокуратура мен БАҚ өкілдерінен көмек сұраған соң, қылмыстық іс қозғалған.
– Мамандандырылған балалар үйінің экс-директоры, бас есепші және кадрлар бөлімінің маманы 2015 жылдың наурызынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қазір қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жылға дейін сотталуы мүмкін, – деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.
Пікір қалдыру