Қазақстанның бас санитар дәрігері елдегі эпидемологиялық жағдайды айтты

/image/2021/04/21/crop-87_14_775x1034_c84f330b12b902a1a7ebbe172c6d2a0a_original.259273.jpg

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте елдегі эпидемологиялық жағдай туралы мәлімдеді. 

– Қазақстанның 10 өңірі "қызыл" аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан 23 күн бойы "қызыл" аймақта тұр. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 141 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 700 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 3 млн-нан астам адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,1 пайызды құрап отыр. ДДҰ-ның алты аймағының бесеуінде аурудың өсу тенденциясы байқалады. 21 сәуірдегі жағдай бойынша елде COVID-19 оң нәтижесімен 294 946 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 52 025 жағдай тіркелді. КВИ-дің оң нәтижесімен ауырған 252 598 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен ауырған 50 839 науқас емделді, – деді бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, 21 сәуірдегі жағдайға сай, республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың 41 пайызы бос емес, реанимациялық төсек-орындардың – 28 пайызы толған.

– Инфекциялық төсектердің ең көп қамтылуы Батыс Қазақстан облысында және Алматы облысында – 58%-дан және Алматы қаласында – 55%-дан байқалады. Реанимациялық төсектердің ең көп қамтылуы Алматы қаласында – 56% және Нұр-Сұлтан қаласында – 58%, – деп атап өтті Е. Қиясов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар