Еуропалық одақ Белоруське санкция салатынын мәлімдеді

/image/2021/05/25/crop-21_14_467x945__118656102_5e1882c9-ba79-49f9-b4b9-7a361b7f305d.jpg

Еуропалық одақ Минск журналист Роман Протасевичті қамауға алу оқиғасынан кейін Беларусьтің әуе компанияларына Еуропа аспанында ұшуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Брюссельдегі кездесуде 27 мемлекет басшысы ЕО авиакомпанияларына Беларусь үстінен ұшып өтпеуді бұйырды және экономикалық санкциялардың одан әрі жалғасуына уәде берді.

Ал АҚШ президенті Джо Байден Беларусь билігінің әрекетін "шектен шыққан" деп айыптап, бұл "саяси келіспеушілікке де, баспасөз бостандығына да ұят шабуыл" деп мәлімдеді.

Ryanair ұшағы жексенбіде Еуропа одағы елдерінің ішкі рейсін орындау барысында Грекия астанасы Афиныдан Латвия астанасы Вильнюське ұшып бара жатып, "бортта бомба бар" деген себеппен истребительдердің көмегімен күштеп Беларусь астанасы Минскке қондырылған. Ұшақ қонысымен, бомба туралы ақпарат өтірік болып шыққаны хабарланып, бортта болған 26 жастағы  журналист Роман Протасевич пен сүйіктісі София Сапега қамауға алынған.

Батыс елдері Беларуссияны Ryanair ұшағын "барымталады" деп айыптады. 

 

Рейс бағыты қалай өзгертілді?

FR4978 рейсі Литва шекарасына жеткеніне көп болмай, Минске қарай батысқа бұрылады.

Ryanair мәлімдемесінде экипаж мүшелеріне Беларусь әуедиспетчер қызметінен бордтағы ықтималды қауіп туралы хабарлама келіп, жақын маңдағы Минск әуежайына қону туралы нұсқау берілгені айтылады.

Flightradar24 сайтында көрсетілген ұшу траекториясына сәйкес, ұшақ бұрылған сәтте Минскке қарағанда Вильнюске жақын болған.

 
 
 
карта

 

 

1 пиксельная прозрачная линия

 

 

Кей жолаушылар инцидент басталғанда Протасевичтің мазасызданғанын көргенін айтқан. "Ол өзіне өлім жазасы қаупі төніп тұрғанын айтты" деген 40 жастағы Моноика Симкиене AFP агенттігіне.

Басқа жолаушы Reuters-ке Протасевич жағдайды білгенде ноутбугы мен телефонын жоғарғы шкафтан шығарып, жанындағы сүйіктісіне бергенін хабарлаған. Алайда Литва президенті Протасевичтің серігіне ұшаққа оралуға рұхсат етпегенін мәлім етті.

Сапеганың анасы ВВС-ге жігітті Минск түрмесіне апарылғанын және оның WhatsApp мессенджерінде соңғы рет "мама" деп жазғанын айтқан. Сапегаға қандай айып тағылғаны әзірге анық емес.

Протасевич кім?

Протасевич Nexta медиа-компаниясының, Telegram каналының бұрынғы редакторы. Ол 2019 жылы Беларусьтен кетіп, 2020 жылғы президент сайлауы барысын ақпараттандырып отырған. Nexta Беларусьтегі президент сайлауы кезінде оппоцицияның дауыс беруінде шешуші рөл атқарды. Оппозиция Лукашенко дауыс ұрлады деп санайды. Үкімет жаңалықтарды таратпай қойғаннын кейін бұл пікірдегі адамдар көбей түсті. Осыдан кейін оған терроризм мен тәртіпсіздікті қоздыру бойынша айып тағылған.

Батыс лидерлері оппозиция басшысы кандидат Светлана Тихановскаяны қолдаған. Сайлаудан кейін Лукашенконың жеңісіне наразы ондаған мың адам бірнеше ай бойғы алаңға шыққан. Наразылық акциясына шыққандарды жергілікті полиция ұрып-соққан, азаптаған әрекеттер көптеп болып, ондай жағдайларды Nexta ұдайы жариялап отырған. Биылдың өзінде полиция талапынан жасалған аяусыз әрекеттердің көптеген жағдайлары тіркеліп, 2700-ден астам соттау істері болған.

Александы Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. Ол президент ретінде 6 мәрте қайта сайланған. Оның саясатта "Еуропаның соңғы диктаторы" деген аты бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар