"Қиындықтарға мойымаңыздар". Аймағамбетов түлектерге бірқатар кеңес айтты

/image/2021/05/25/crop-130_12_773x1031_5f5cddcec4335583064812.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітіруші түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады, деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

– Сіздер оқуларыңызды аяқтап жатырсыздар. Кейбір түлектер жоғары оқу орындарына немесе колледждерге түссе, енді біреулері жұмыс істейді. Қалай болса да, алдағы уақытта сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестері күтіп тұр.

Біріншіден, ешқашан қиындықтарға мойымаңыздар. Көздеген мақсатыңа жету жолында әлдебіреудің айтқанына ермей, тура жолдан таймау керек.

Екіншіден, қателесуден қорықпау керек. Қателік жасалса, өмір сонымен аяқталмайды. Барлық адам қателеседі.

Үшіншіден, басқаларға қарағанда ерекше болудан ұялмаңыздар. Ең бастысы өзіңізге адал болыңыз. Басқа адамдармен араласып, дос болыңыздар. Ата-аналарыңа қамқор болып, бауырларыңызбен байланысты ешқашан жоғалтпаңыздар, – деді министр.

Аймағабетов мықты түлектерді педагог мамандығын таңдауға шақырды. Оның айтуынша, білім сапасы, елдің болашағы жоғары оқу орындарын аяқтап шығатын мұғалімдерге тікелей байланысты. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар