БҚО-да 28 жастағы полицей жол апатынан қайтыс болды

/image/2021/06/10/crop-150_7_436x581_photo_364243.jpeg

Батыс Қазақстан облысында 28 жастағы полицей көлікті басқара алмай жол апатына түсіп қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға 9 маусым сағат 20:00-дер шамасында Орал-Ақсай тас жолының 25-ші шақырымында болған.

"Апат салдарынан облыстың патрульдік полиция қызметкері алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Ал ВАЗ 2110 автокөлігінің екі жолаушысы зардап шеккен жоқ" делінген департамент таратқан хабарламада.

Марқұм 2017 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар