Билік партиясының жаңаруы мен жаңғыруы қалай жүрді?

/image/2021/06/18/crop-22_8_524x931_1591100322gkxwv_1000x768.jpg

Қоғам сұранысы өзгеріп, жаңарып отырған сайын саяси институттар да соған бейімделіп, жұмыс істеу тәртібін жаңғыртып отырғанда ғана оның өміршеңдігі, бұқара сеніміне ие болу мүмкіндігі арта түсетіні әмбеге аян. Осы үдеден шығу жолындағы Nur Otan партиясының әрекеттері көпшілікке белгілі. Солардың бірқатары төмендегі материалда ұсынылады.

 «Біргеміз» акциясы

Пандемия басталғалы Nur Otan партиясына қарасты «Біргеміз қоры» 650 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылық қолдау білдірді. Жәрдемалушылар 7 санатқа белгіленген. Олардың қатарына мұқтаж мүгедек жандар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын жетім балалар (асыраушысының бірінен айырылған балалар мен тұл жетім балалар) әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан мүгедек ардагерлер мен тыл еңбеккелері енген.

Қор тарапынан көмектің шынайы мұқтаж адамдарға жетуі, әсіресе бұрын көмек алмаған азаматтар алуы қатаң қадағаланды. Ал мұқтаж жандар тізімін әкімдік ұсынды.

Бұдан бөлек қор 320 мыңға жуық отбасыға бірінші кезекте қажетті тауарлар мен азық-түлік себеттері үлестірілді. 100 мың отбасыға 5 миллион медициналық маска тегін таратылды.

 

Сондай-ақ қор тарапынан Түркістан облысы Мақатарал ауданындағы су апатынан зардап шеккен ауылдағы отбасыларға да көмек көрсетілді. Партия төрағасы Елбасы тапсырмасымен Достық ауылының тұрғындарына 340 миллион теңге бөлінді Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі негізінде мақтаралдық тұрғындарға 1000 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетілді.ген. Оның ішінде құрылыс материалдары мен төсек орын жабдықтары, киім-кешек пен гигиеналық заттар және азық-түлік бар. Және, су басқан оңтүстік өңірде 500-ге жуық жас отандық жастар азық-түлік жеткізуге және бөгеттер көтеруге қол ұшын созған болатын.

 

Праймериз – жаңару мен жаңғыру жолы

Билік партиясы жүзеге асырылған ірі істер туралы айтқанда алдыңғылардың бірі болып партияның трансформацияға түскені ойға оралады. 2020 жылғы 17 тамызы мен 17 қараша аралығында алғаш рет республикалық партияішілік сайлау форматында праймериз өтті.

 

Оған 10 мың үміткер қатысып, оларға бірінші кезеңде 662 мыңнан аса адам, яғни барша нұротандықтардың 84%-ы дауыс берді. Сондай-ақ қатысушы әр үміткердің жақтастары мен бақылаушалы болғанын ескергенде іс-шара 1,5 миллиондай қазақстандықты қамтыды.

 

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтқанында, партияішілік іріктеу ел ішіндегі белсенді де талантты жандардың өздерін көрсетіп, идеяларын таныстыруына, жаңа жақтастар мен достар табуына жол ашты.

Іс-шара қорытындысы бойынша 267 үміткердің ішінен жасырын рейтингтік электронды дауыс беру арқылы 78 адам сайланды. Оның ішінде 9 кандидат – праймеризге қатысу үшін қатарымызға қосылған партияның жаңа мүшелері. Партиялық тізімге мәжілістің қызметтегі депутаттарынан 5 адам енді.

 

Партиялық тізімнің үштен біріне жуығын әйелдер құраса, ал 12 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар. Жеңімпаздардың орташа жасы – 47 жас. Олардың 27%-ы – шағын және орта бизнес өкілдері, 24,5%-ы – экономистер, 11,5%-ы – заңгерлер, ал 6 кандидаттың ғылыми дәрежесі бар. Өнеркәсіп, мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері басымдыққа ие болды.

 

Сайлауалды бағдарламаның іске асуы

2021 жылғы 10 қаңтарда өткен парламент сайлауының қорытындысына сай, билік партиясы сайлаушылар даусының 71,1%-ын иеленіп, мәжілістен 76 орын алған болатын.

Партия сайлауалды бағдарламаны жасау барысында әрбір аудан, қала және өңір тұрғындарымен кездесіп, 216 бағдарламаны қабылдаған. Бұл бағдарламаларды іске асыру бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар Жол карталары әзірленді. Биылдың өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары үшін не істелетіні мәлім болды.

Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ оған жауапты орындаушылар айқындалған.

 

Мәселен, елордада 2025 жылға дейін 14 көрсеткіш пен 93 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 25%-ға, 2022 жылы – 45%-ға, 2023 жылы – 65%-ға, 2024 жылы – 72%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады.

 

Биылдың өзінде 131 км қала жолдарының 34 километрі, 130 км сумен жабдықтау желісінің 17,7 километрі, 85 км су бұру желісінің 11,5 километрі, сондай-ақ, 438 км газбен жабдықтау желісінің 144 километрі салынып, реконструкцияланады.

5 жыл ішінде 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй, 41 медициналық нысан, 50 мектеп салынып, 138 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 16 тұрғын үй алабында 500 ауланы абаттандыру, 50 жаңа саябақ пен гүлзар салынбақ.

Алматыда 715 көрсеткіш және 59 іс-шара жоспарланған. 2021 жылы сайлауалды бағдарлама 26,2%-ға, 2022 жылы – 48,4%-ға, 2023 жылы – 66,6%-ға, 2024 жылы –83,9%-ға және 2025 жылы толығымен іске асырылады.

Жыл соңына дейін 19 медициналық нысанның 13-і, 15 мектептің 8-і, 339 балабақшаның 69-ы, сондай-ақ, 104 спорт нысаны салынады. Жалпы, 243 мыңға жуық жұмыс орнын құру, 114 ірі инвестициялық жобаны іске қосу, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 1,2 мыңнан астам нысанды бейімдеу жоспарланған.

Шымкентте бекітілген Жол картасы аясында 423 көрсеткіш пен 529 іс-шара белгіленген. 2021 жылы партия бағдарламасы 24,5%-ға, 2022 жылы – 45,6%-ға, 2023 жылы – 64,9%-ға, 2024 жылы – 82,7%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады.

2021 жылы 72 мектептің 12-сі, 24 медициналық нысанның 2-еуі салынады. 878 км жолдың 253 километрі, 1419 км сумен жабдықтау желісінің 761 километрі салынып, жөнделеді.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. 5 жыл ішінде 47 мың пәтер салу жоспарланған. 2025 жылға дейін 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

 

Бүгінде партия қабылданған бағдарламарды, яғни сайлауға дейін берілген уәделерді орындауды бастап кетті. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасы аясында биыл елде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, оның 2,5 миллионы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. 2021 жылдың төрт айында 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 28,9 мың пәтер пайдалануға берілді.

 

Алайда баспанаға мұқтаж адамдар саны күн сайын өсуде. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 562 мың отбасы тұр, оның 185 мыңының табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, оларды тұрғын үймен жедел қамтамасыз ету үшін жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысының бір бөлігін Нұр-сұлтан және Алматы қалалары үшін 31 АЕК, өзге өңірлер үшін 21 АЕК және ауылдық жерлер үшін 15 АЕК мөлшерінде субсидиялау ұсынылады. Сонымен қатар, вице-министр аз қамтылған отбасыларға арналған баспана құрылысына жаңа көзқарас туралы айтып берді.

 

– Әлеуметтік осал отбасылар үшін тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі жылына шамамен 10 мың пәтерді құрайды, мұндай жағдайда проблема тек 20 жылға жуық уақыттан кейін ғана шешіледі. Сондықтан қаражатты әкімдіктер салатын үйлердің құрылысына емес, жеке инвестицияларды тарту үшін коммерциялық компанияларды субсидиялауға бағыттады. Жыл сайын 37 мың пәтер тапсырамыз және 5 жыл ішінде барлық аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге тырысамыз, – деді Қайырбек Өскенбаев «Nur Otan» партиясы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі жаңа республикалық қоғамдық кеңестің бірінші ұйымдастырушылық отырысында.

 

Тағы бір маңызды мәселе – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға баспана беру. Бұл бағыттағы пәрменді тетіктердің бірі ипотекалық несие беру.

«Отбасы банкі» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, 2 мыңға жуық мүгедектігі бар тұлғалар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың банкте 19,6 млрд теңге сомасында несиелері бар. Мұндай отбасылардың жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 10 мыңға жуық депозиті бар.

– «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 13,8 млрд теңге сомасында 1,3 мың займ берілді. Биыл осы бағдарлама бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары 27 мыңнан астам өтініш жолдады. Жартысынан көбі «толық емес отбасы» санатына жатады, – деді Ләззат Ибрагимова.

Осы отырыста «Nur Otan» партиясы атынан кеңес мүшелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Олар мүгедек бала 18 жасқа толған кезде оның тұрғын үй алу кезегінің сақталуы қажеттігін атап өтіп, әлеуметтік осал санаттар үшін тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында көзделген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегін көтеруді айтты. Сондай-ақ әлеуметтік осал отбасыларға сатып алу құқығынсыз бұрын жалға берілген тұрғын үйді олардың жекешелендіріп алуына мүмкіндік берілуі керектігіне назар аударды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар