Президент Қ.Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен өтке ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөніндегі кеңес отырысында биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты.
Ол көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемегенін, бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды.
Президент сондай-ақ өңірлердегі ахуал үшін әкімдердің өздері жауап беретінін еске салып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету олардың тікелей міндеті екенін атап өтті.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елде ауру деңгейі күрт төмендеп жатқанын, соның арқасында келесі оқу жылын дәстүрлі форматта ашуға барлық мүмкіндік бар екенін айтқан.
Пікір қалдыру