Қ.Тоқаев алдағы ауыл әкімдері сайлауына байланысты жиын өткізді

/image/2021/06/23/crop-20_84_1240x2204_daa-4725-1.jpg

Президент Қ.Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға президент әкімшілігі мен үкіметтің басшылық құрамы қатысты, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент алдағы сайлау науқанының маңызды екенін атап өтті.  

– Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік. Алдағы сайлау біз жүзеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екеніне баса мән берді.

– Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі.  Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар