Қазақстанның бес өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта –Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Пікір қалдыру