Еупопалық одақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды ұзартты

/image/2021/07/12/crop-22_14_461x820_thumbs_b_c_6202106ea3bdf8835c67c84a4ab89cb2.jpg

Еуропалық Одақ 2014 жылдан бастап Ресейге қарсы қолданған экономикалық санкциялар мерзімін "Украинаны тұрақсыздандырады" деген себеппен тағы 6 айға ұзартуға шешім қабылдады. Бұл туралы aa.com.tr сайты мәлімдеді.

Ресей 2014 жылдың 18 наурызында Қырым автономиялық республикасы мен Севастополь қаласын заңсыз аннекциялаған. Осыған байланысты ЕО Ресейге экономикалық санкция сала бастады. Оған сәйкес, ЕО-ға мүше елдер Ресейге қару сата алмайды.

Сондай-ақ санкциялар Ресейдің ЕО елдерінен мұнай-газ саласында қолданылатын кейбір технологияларына тыйым салды. Сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік банктері Еуропадағы қаржы секторынан шығарылған.

Санкциялар әр 6 ай сайын ұзартылады. Қазіргі санкциялардың мерзімі 2021 жылғы 31 шілдеде аяқталады. Экономикалық санкциялардан басқа, ЕО-да Ресейге қарсы дипломатиялық шаралар бар. Оның аясында жеке тұлғаларға Еуропа одағы елдері аумағында саяхатқа шығуы мен басқа да іс-шаралар жасауына тыйым салынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар