Коронавирус. "Дельта" штаммынан қорғанудың жолдары қандай?

/image/2021/07/12/crop-8_8_555x986_000_9cu4dg_d_850.jpg

Иммунолог Жұлдыз Бақытжанқызы коронавирустың мутацияға ұшыраған "Дельта" (үнді) штаммын жұқтырып алмаудың ең тиімді жолы иммундық жүйені күшейту деп санайды.

Маман иммунитетті күшейту үшін ағзаға нәр беретін тағамдарды тұтыну аса маңызды деген пікірде.

– Құрамында "D" дәрумені бар тағамдарды, күнбағыс, асқабақ, көкөністер мен көптеген жемістер, табиғи айран мен сүт өнімдері, бал, сиыр еті және балықты жиі жеу ауруға қарсы күш жинауға жәрдемдеседі, – дейді Жұлдыз Бақытжанқызы.

Сондай-ақ ол "Ковид-19-дың мутацияға ұшыраған кез келген түріне қарсы тұру үшін маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы мен үй-жайлардың тазалығына мән беру керек, бастысы – вакцина салдыру керек" дейді.

Қазақстанда соңғы бірнеше аптада "үнді" штаммының таралуына байланысты коронавирус қайтадан өрши түсті. Бүгін вирус таралуының пандемия басталғалы елде болмаған жоғары көрсеткіші тіркелгені хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 шілдеде 3899 адамнан коронавирус, 40 адамнан пневмония анықталған.

Бүгінде "Дельта" штаммы елдің барлық өңірінде тарап үлгерді. Министрлік жаңа штаммының жұқпалылығы өте жоғары және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы болып келетінін, орта есеппен 1 адамнан 5-6 адамға жұғатыны айтады.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "тұмау" секілді белгілер байқалса, әркім өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге көрінуге шақырады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар