Коронавирус. Бір тәулікте 126 адам қайтыс болды

/image/2021/08/03/crop-119_15_1273x1697_original_7e9ce0a4345339f4e19d72a342b928cc.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 2 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады. 

Министрік мәліметінше, бір күнде ПТР тест арқылы 7841 адамнан коронавирус, 46 адамнан пневмония анықталған. 126  адам коронавирустан, 16 науқас пневмониядан көз жұмған. 

Бүгінде барлық өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енген.

3 тамыздағы мәлімет бойынша, 102 839 адам коронавирустан, 2 694 адам пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде  29 138 пациент стационарда, 73 701 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандар арасында 1 707 адамның жағдайы ауыр,  395 пациенттің жағдайы өте ауыр,  197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 3 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 5 480 094 адам вакцинаның I компонентін, 3 941 941 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар