Билікті сынаған Беларусь спортшысын қай ел қабылдады?

/image/2021/08/03/crop-3_14_454x1009__119717917_tv069058082.jpg

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Беларусь спортшының ісі туралы  ресми тергеу бастады.

ХОК өкілі Марк Адамс "Бізге уақыт керек. Толық фактілерді анықтауымыз керек. Біз ең бастысы спортшы үшін алаңдаймыз" деді.

24 жастағы Кристина Тимановскаяға Польша гуманитарлық виза берген. Қазір ол Польшаның Токиодағы елшілігінде.

"Ол сәрсенбіде Жапониядан кетуі мүмкін" дейді оның жақтастары.

Бұған дейін Токио олимпиадасына қатысқан Кристина Тимановская жаттықтырушыларды және беларусь билігін сынға алғаны үшін мәжбүрлі түрде Токио әуежайына жеткізілген. Беларусь спортшысы еліне қайтса, өміріне қауіп төнетінін мәлімдеп, Токионың Ханеда терминалында полицейлерден қорғауды сұраған. Жергілікті полиция қызметі Тимановскаяны Ханеда әуежайындағы қонақүйге орналастырған.

Спортшыға Чехия мен Польша виза ұсынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар