Тоқаев Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

/image/2021/08/03/crop-0_180_563x1000_mycollages-8.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы  президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады" делінген хабарламада. 

Жамбыл облысының әкіміне  кадрлық қателігін түзеу үшін  24 сағат уақыт берілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар