Токио-2020. Теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға өтті

/image/2021/07/28/crop-11_127_882x1568_1627461728.jpg
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Olympic.kz.
 
Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады. 

Екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Токио олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Қазір Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасының үш медалі бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар