Қазақстанның бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Токио олимпиадасының 1/8 финалында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтің, сонымен қатар басқа да боксшылардың жеңілу себебін түсіндірді, деп хабарлады Sports.kz сайты.
– Бекзат төрешілер санаған соққыларды өткізіп алды. Жекпе-жек әрине қиын. Бірінші раундта жеңілді, екіншісін жеңіп, үшінші раунд тең өтті. Басымдық біздің боксшыда болды. Бірақ кейін қасы жарылып, кездесу тоқтатыла берді. Қысқасы кездесу осылай болды. Ресейлік спортшы Бекзаттың ең мықты қарсыластарының бірі еді. Әрине, жеңіл жекпе-жек болмайды. Өзім осы жекпе-жек үшін қатты уайымдадым, – деген Ғалым Кенжебаев Бекзат Нұрдәулетов құлаштап ұрған соққыларды байқамағанын, оған қарсыласының оң қолын бақылауда ұстау туралы нұсқау берілгенін айтты.
Пікір қалдыру