Коронавирус: Бір тәулікте 97 адам қайтыс болды

/image/2021/07/29/crop-108_8_363x484_02.jpg

28 шілдеде ПТР арқылы 7479 адамнан коронавирус, 262 адамнан пневмония анықталған. 

27 шілдедегі жағдай бойынша, коронавирустан 81, пневмониядан 16 адам көз жұмған. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы ғана "сары" аймақта, қалған өңірлердің бәрі "қызыл" аймақта орналасқан. 

29 шілдедегі мәлімет бойынша  88 495  адам коронавирустан, 2 272 пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 25 714 пациент стационарда, 65 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Індетке шалдыққандар арасында  1 573 адамның жағдайы ауыр, 332 пациенттің жағдайы өте ауыр, 154 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

29 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 5 275 626 адам, II компонентін 3 535 508  адам салдырған.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар