Кабул әуежайындағы тәртіпсіздік. Халық Ауғанстаннан қашып жатыр

/image/2021/08/16/crop-100_4_441x589_95f80ef7-fd9171d550a1aee433ab6015408a0b68.jpg

Ауғанстан астанасы Кабулға Талибан күштері кіргеннен кейін елде бейберекет басталды. Қаладан кеткісі келген халық Кабул әуежайында жаппай жиналып жатыр. Бұл туралы Son Dakika басылымы хабарлады.

Ауғанстан үкіметімен қақтығыста жеңіске жеткен Талибан күштері 15 тамыз күні Кабулға кірген. Президент сарайын басып алған Талибан күштері "бейбіт тұрғындарға тиіспейміз" деген мәлімдемесіне қарамастан, мыңдаған азамат қаладан кеткісі келеді. Олар түрлі кедергілерге тап болуда.

Талибан қозғалысының басқыншылығына байланысты көптеген елдер өз азаматтары мен елшілік қызметкерлерін эвакуациялауды жалғастыруда. Эвакуация жұмыстары жүргізілген кезде, әуежайда барлық рейстер тоқтатылды. Бейберекет кезінде бірнеше адамның қайтыс болғаны хабарланды. 

Әуежайдағы хаос сәттерінің кадрларын түсірген куәгердің айтуынша, шенеуніктер мен қарт адамдарды жасырын түрде ұшаққа отырғызып жатқаны туралы қауесет тараған. Мұны естіген адамдар әуежайға қарай жүгіре бастаған.

Ұшаққа отырғызу кезінде үлкен кептеліс болды. Сол сәтте қауіпсіздік күштері адамдардың әуежайға кіруіне жол бермеу үшін аспанға оқ атқан.

Ауғанстандағы оқиғадан кейін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері ғимаратының алдында наразылық акциясы өтуде. Ауған диаспорасының 100-ден астам өкілі "ауғандықтардың өмірі маңызды" және "ауғандықтарды өлтіруді тоқтатыңыз" деп ұрандатып шықты.

Олар "Талибанның" билікке келуіне қарсы шығып, Ауғанстаннан келген босқындар үшін АҚШ шекарасын ашуды сұрауда.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар