Денсаулық сақтау министрлігі 22 тамызда ПТР тест арқылы 6314 адамнан коронавирус, 27 адамнан пневмония анықталғанын хабарлады. 21 тамызда 113 адам коронавирустан, 24 адам пневмониядан қайтыс болған.
23 тамыздағы мәлімет бойынша, 124 871 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 30 197 пациент стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында 1 944 адамның жағдайы ауыр, 518 пациенттің жағдайы өте ауыр, 312 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
23 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 6 369 263 адам вакцинаның І компонентін, II компонентін 5 013 064 адам салдырған.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Түркістан облысы ғана "Жасыл" аймақта.
Пікір қалдыру