АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйдегі Рузвельт залында азаматтарды Ауғанстаннан эвокуациялауға байланысты сөз сөйледі, деп жазады Ассошиэйтед пресс агенттігі.
Байден Ауғанстаннан америкалықтарды, қауіп төнуі ықтимал ауғандарды эвакуациялау қарқыны жылдамдағанын, адамдарды елден шығару мерзімін ұзарту бойынша Талибан ұйымымен келіссөз жүріп жатқанын айтты. Бұған дейін әуе арқылы тасымал 31 тамызға дейін жалғасуы керек болған.
Байденнің сөзінше, 14 тамыздан бері Ауғанстаннан 28 мың адам эавкуацияланған. Тағы ондаған мың адам әуе көлігін тосып отыр.
Сондай-ақ ол эвакуацияланған ауғандық АҚШ-қа бірден жеткізілмейтінін, олар үшінші елдерге апарылып, жіті тексерілетінін айтты.
АҚШ президенті экстремистік топтардың Ауғанстан әуежайындағы хаосты пайдаланып кетпеуіне барынша дайын екенін де жіткізді.
Пікір қалдыру