Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.
Құжатқа сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілген.
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары төмендегі талаптарды сақтауы тиіс:
- педагогтер мен персоналдар 100% вакцинациялануы қажет;
- білім беру мекемесіне кіру кезінде "Ashyq" қосымшасын енгізу керек;
- маска режимін сақталуға тиіс;
- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, антисептиктердің, дезинфекциялау және жуу құралдар жеткілікті қамтамасыз етілу қажет;
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.)
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесіне рұқсат етілмейді;
- асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, асханада бақылау күшейтіледі;
- бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттер жатақханаға орналаса алады;
-
оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын аяқтамаған студенттер вакцина алу қажет;
Шетелдік студенттер назарына:
- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын өтуі тиіс;
- шекарадан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі;
- педагогтарға, персоналға, ата-аналарға келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код бойынша "Ashyq" қосымшасы арқылы кіреді;
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру