Бейжің өзінің ұлттық оқу бағдарламасына Қытай төрағасының саяси идеологиясын енгізетін болады. Бұл туралы BBC хабарлады.
– "Си Цзиньпин идеясы" жасөспірімдерге маркстік сенімдерді қалыптастыруға көмектеседі, – деді Қытай білім министрлігі жаңа нұсқаулықтарда.
Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) төрағасының идеологиясы бастауыш мектептен университетке дейін біріктірілетін болады.
Бұл – Сидің Қытай қоғамындағы әр түрлі салаларда ҚКП-ның рөлін нығайтуға бағытталған соңғы әрекеті.
Министрлік өз мәлімдемесінде "социализмнің құрушылары мен ізбасарларын жан-жақты моральдық, интеллектуалды, физикалық және эстетикалық негізде тәрбиелеуді" мақсат еткенін айтты.
Әдістемелік нұсқауларға "еңбекқор рухты тәрбиелеу үшін" еңбек тәрбиесі мен ұлттық қауіпсіздік туралы білім беру кіреді.
2018 жылы Қытайдың жоғарғы органы конституцияға "Си Цзиньпин идеясын" бекіткен.
Пікір қалдыру