Миллиондаған қазақстандық АҚШ-қа кіру мүмкіндігінен айырылмақ

/image/2021/09/28/crop-14_13_289x513_350b939fefb310ee8d91681cb76.jpg

Өткен аптада АҚШ жуырда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған саяхатшылар үшін ел есігі айқара ашылып, пандемия басталғалы енгізілген шектеу шаралары жеңілдетілетінін мәлімдеді. Алайда қараша айында күшіне енетін ережеге сай, елге тек дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мақұлданған вакциналарды еккізген азаматтар ғана кіре алады. Бұл ДДСҰ-нан тіркеуден өтпеген ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырған миллиондаған адам үшін кедергі болып отыр, деп жазады Washingtonpost басылымы.

Қазіргі таңда ДДСҰ америкалық Pfizer, Moderna және қытайлық Sinopharm мен Sinovac вакциналарын тіркеген. Соңғы екі вакцина Қазақстанда қолданылатын вакцина тізімінде бар. Ал Ресейлік Sputnik V мен отандық QazVac халықаралық ұйымда тіркелмеген.

Қыркүйектің басында ДДСҰ миссиясы Қазақстанға QazVac вакцинасын тіркеу мәселесі бойынша келетіні хабарланған. Әзірге іс барысы туралы мәлімет жоқ.

Ал Жаһандық денсаулық сақтау агенттігі Ресейдегі өндірістік тәжірибе мен өнеркәсіп орындарына, сондай-ақ қажетті стандарттарға сай тұрақты вакцина өндірісі мүмкіндігіне алаудаушылық білдіріп, осы аптада ресейлік вакцинаны тексеруді тоқтатқанын мәлім етті. 

Ресейлік тікелей инвестициялар қоры Sputnik 4 миллиард адам тұратын әлемнің  70 елінде мақұлданғанын, сондай-ақ клиникалық сынақтар арқылы да, өмірде қолдану арқылы да өзінің тиімді әрі қауіпсіз екенін дәлелдегенін айтып, СOVID-19 айналасындағы мәселелерді саясиландырмауға, тиімді вакцинаны қысқамерзімді саяси және экономикалық пайда үшін дискриминацияламауға шақырды.

Дьюк университеті жанындағы Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық инновация орталығы әлем бойынша Sputnik вакцинасының 448 миллион дозасы сатылғанын атап өтті. 

АҚШ-тағы жаңа ереже бойынша Sputnik вакцинасынан бөлек, үндістандық Коваксина вакцинасын салдырғандар да АҚШ аумағына кіре алмайды. Бүгінде аталған вакцинаның 560 миллион дозасы сатылған.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 560 935  адам, II компонентін 6 452 766 адам салдырған. Вакциналанған азаматтардың нақты қай вакцинаны салдырғаны туралы ақпарат жоқ. Алайда олардың басым көпшілігі ресейлік вакцинаны еккізген. Ресейлік вакцинадан басқа вакциналар Қазақстанға шектеулі дозада ғана бар.

Көктемде Қазақстан билігі америкалық Pfizer вакцинасын елге жеткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған. Алайда келіссөздер нәтижесін аяқталған. Шілдеде Тоқаев вакцина жеткізу атқарушы биліктегі шенеуніктердің кесірінен жүзеге аспай қалғанын айтып, президент әкімшілігіне сәтсіздікке жауапты адамдарды жауапқа тартуға тапсырма берген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар